Бурабай ауданында жұмыспен қамту тиімді жүргізілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Бурабай ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 – 2021» бағдарламасы шеңберінде 410 адам жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бурабай аудандық еңбекпен қамту орталығы мамандарының мәліметі бойынша, ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 – 2021» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Бүгінде орталық қажетті білікті мамандарды іріктеп, оларды жұмыс берушілерге жібереді. Бағдарламаның жапағатын көріп, екі қолға бір күрек тапқан жандардың бірі – Рүстем Айданов.

34 жастағы жігіт пробация қызметі бөлімінде есепте тұрған. Аталмыш мекеме оны 2020 жылдың 12 мамырында Бурабай аудандық жұмыспен қамту бөліміне жіберген. Ондағылар Рустемді «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 – 2021» бағдарламасы арқылы «ПСК Көкшетау құрылыс» ЖШС құрылысшы ретінде уақытша жұмысқа орналастырыпты.

Қазіргі кезде, аталмыш компания Щучье қаласындағы №6 орта мектепте күрделі жұмыстарын жүргізуде.

«Қазіргі кезде мен құрылыс алаңында мектеп ғимаратының штырын жабумен айналысамын. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік», - дейді Рүстем Айданов.


Соңғы жаңалықтар