Бурабай ауданының жол құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Щучье қаласындағы автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімінің айтуынша, курортты өңірдегі өзекті мәселелердің бірі-жолдарды жөндеу.

«Ағымдағы жылы «Бурабай-Қатаркөл» автожолын күрделі жөндеу (20 км), «Зеленный бор-Мәдениет» автожолын орташа жөндеу (27 км), Сарыбұлақ ауылына дейінгі жолды ағымдағы жөндеу (50 млн теңге) бойынша жобаларды іске асыру жалғастырылды. Жалпы, бізде жалпы 3,6 миллиард теңгеге жол салу бойынша төрт жаңа жоба бар», - деп атап өтті А.Мұздыбаев.

Бурабай кентінің жол желісін жаңарту жобаларына - Жамбыл, Қазақстан, Интернациональная көшелерін (жобаның құны 1 млрд 255,5 млн теңге) салу және қайта жаңарту, Текекөл көлінің айналасында «Шабақты көлінің солтүстік айналма жолына» дейінгі автожолды салу (жобаның құны 2 млрд 78,2 млн теңге), Аудандық ішкі істер білімінің ғимараттарына кіреберіс жолдар (жобаның құны 193 млн теңге) және Бурабай кентінің кавалериялық взводына апарт жол(жобаның құны 123,2 млн теңге), Щучье-Николаевка жол учаскесін күрделі жөндеу жобасы кіреді.

«Ауданның ауылдық округтерінде (Бурабай кенті, Зеленый бор, Баянбай, Жасыл, Атамекен, Златополье, Савинка, Первомай ауылдары) жолдарды орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 384 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, Дмитриевка ауылында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 12,5 миллион теңге қаржы бөлінді», - деп атап өтті аудан әкімі.


Соңғы жаңалықтар