Бурабай ТМД-дағы емдік демалыс орындарының үздік үштігіне енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ТурСтат ресейлік туристік порталы күзгі сауықтыру және бальнеологиялық демалысқа арналған ТМД елдері курорттарының рейтингін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұсынылған мәліметке сәйкес, ресейлік туристер күзде көбіне Қазақстан, Беларусь, Әзербайжан, Армения және Молдова елдерінде демалады.

2019 жылдың күзінде Беларусьтің Нарочь көліндегі курорттар, Әзербайжандағы Нафталан, Қазақстандағы Бурабай курорты, Армениядағы Джермук және Молдовадағы Калараш курорты ТМД елдерінде сауықтыру демалысына арналған орындардың үздік бестігіне кірді.

ТурСтат дерегі бойынша, адамдар ТМД елдері курорттарында күзде 10 күннен 14 күнге дейін өткізіп, тұратын жері, тамағы және емі үшін күніне 20-21 мың теңге төлейді.

Рейтинг ТМД елдерінің климаттық және бальнеологиялық шипажайларындағы күзгі демалыстың танымалдылығын талдау нәтижелері бойынша ұсынылған.

Соңғы жаңалықтар