+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Бурабайда 8-11 желтоқсан күндері тұңғыш рет «Қансонар» халықаралық турнирі өтеді

2017 жылғы 28 қараша 18:28
Бөлісіңіз:
Бурабайда 8-11 желтоқсан күндері тұңғыш рет «Қансонар» халықаралық турнирі өтеді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 8-11 желтоқсан күндері Бурабайда тұңғыш рет саятшылардың «Қансонар» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола облысында жыл сайын атақты құсбегі Мәсіп Батырханұлының құрметіне «Қансонар» саятшылар сайысы өткізіледі. Сонау 30-шы жылдары Мәсіп Батырханұлы құс салып, аң аулап, ауылдастарын аштықтан аман алып қалыпты. Ал Ұлы Отан соғысы жылдары өзінің адал көмекшісінің көмегімен ауланған аңдардың бағалы терілерін Ресейге өткізіп, содан түскен қаржыны майданға қажетті оқ-дәрі сатып алуға жұмсаған екен», - деп атап өтті Ақмола облыстық туризм басқармасы жанындағы туристік ақпараттық орталығының басшысы Данияр Идиятов.

Бұл жолғы турнирге Қазақстан Республикасы және Азия елдерінен бүркіт, ителгі, қаршыға баптаумен айналысатын мықты құсбегілер шақыртылды. Турнир талабы бойынша аңшы құстардың қолға қондыру, шырға тарту арқылы алғырлықтары сыналады. Ақтық сынға шыққандар қоян, түлкі және қасқырға алуға салынады.

«Шараның мақсаты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болшаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған халқымыздың салт-дәстүрін жаңғыртып, насихаттауға бағытталған», - деді Данияр Идиятов.

Айта кетейік, ұйымдастырушылар 2017 жылдың 1 желтоқсанына дейін жарысқа қатысушылардың өтініштерін қабылдайды. Шараны тамашалауға ниет білдіргендерді Астана мен Көкшетау қалаларынан автобуспен тасымалдау да қарастырылған.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT