Бурабайда Burabike-2018 велошеруі басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Щучье-Бурабай курорттық аймағында Burabike 2018 жыл сайынғы қайырымдылық велошеруі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осымен алтыншы рет ұйымдастырылып отырған шараға қатысушылар саны жыл санап артуда. 2013 жылы велотрассаға 130-дан астам адам шықса, биылғы велошеруге 2300 адам қатысуда. Олар 30 шақырымды бағындыруды көздеп отыр.   

Burabike шеруінің мақсаты - Қазақстандағы балалар ауруханаларын өмірлік маңызы бар медициналық жабдықтармен жасақтау үшін қаражат жинау.

Айтулы шараға ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Олимпиада чемпионы, велошабандоз Александр Винокуров пен өзге де танымал спортшылар, ірі бизнес өкілдері, саясаткерлер жəне қоғам қайраткерлері қатысуда.
null 

«Салауатты өмір салтын насихаттайтын қайырымдылық шараның аясы жыл санап кеңейіп келе жатқаны қуантады. Өз атымнан барлық қатысушыларға алғыс білдіремін. Өйткені велошеру көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу мақсатында ұйымдастырылуда. Барша қатысушыларға сəттілік тілеймін», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Өткен жылы қайырымдылық шарасынан 168 млн 429 890 теңге қаражат жиналған болатын. 

null null null 

Соңғы жаңалықтар