Бурабайда халықаралық көшпенділер тағамдары фестивалі өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алғаш «Nomad Food» халықаралық гастрономиялық фестивалі аясында аспаздар сайысы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Халқымыздың қонақжайлылығын дәріптеу мен аспаздардың өзара тәжірибе алмасу мақсатын көздеген шара Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

Фестивальға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Сербия, Румыния елдерінің аспаздары қатысуда. Аспаздар сайысына 14 команда, оның 4-уі шетелдік, барлығы 47 үміткер қатысуда. Аспаздар 3 номинация бойынша бақ сынайды яғни жеке, командалық және жас аспаздар сайысы бойынша. Үздік деген аспаздар мен командаларға орындар мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

null

«Бүгін Бурабайға елімізбен қатар алыс жақын шетелдің ең үздік аспаздары жиналды. Сондықтан бұндай фестивальға келмесіме болмады. Біздің Бурабайды дамытудағы басты міндеттердің бірі ол - сапалы қызмет көрсету. Сапалы қызмет көрсетудің қатарына тағамның сапасы мен дәмі кіреді. Себебі, туристер қызмет көрсету сапасын бағалағанда 100-ден 25% астың дәмді болуына назар аударады. Осы тұрғыда аспаздардың алатын орны маңызды. Бүгінгі көшпенділер фестивалі тек қана жарыс емес сонымен қатар аспаздардың өзара тәжірибе алмасуы мен бір-бірімен байланыс орнатуына жасалған жақсы мүмкіндік. Алдағы уақытта айтулы шараның аясы кеңейіп, дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі деп сенемін», - деді Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин.
null

Сонымен қатар шара барысында отандық және шетелдік белгілі аспаздар шеберлік сабақтарын өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісуде.
Одан бөлек фестиваль аясында Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен «Organic Food» атты ауыл шаруашылық тауар өндірушілер көрмесі ұйымдастырылды.

Айтулы шараны ҚР Ұлттық аспаздар ассоциациясы Ақмола облысының туризм басқармасының қолдауымен өткізуде.
null 

Соңғы жаңалықтар