Burabike велошеруінен түскен қайырымдылық қаражаты қайда жұмсалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұйымдастырушылар қайырымдылық шарасынан түскен қаражаттың қайда жұмсалатынын мəлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2300-ден астам адам қатысқан велошеру мен соның аясында ұйымдастырылған аукцион нəтижесінде жалпы сомасы 189 млн теңге қаржы жиналды. Осы жерде айта кеткен жөн, ұйымдастырушылар велошеру өз мəресіне жеткенімен, қол ұшын созушы қайырымды жандар əлі де хабарласып жатқанын айтты.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар шарадан түскен қаржыға Жамбыл облысы Меркі аудандық орталық ауруханасына, СҚО Тимирязев аудандық орталық ауруханасына, Алматы облысы Панфилов аудандық перзентханасы мен Алакөл аудандық ауруханасына жəне Қарағанды облысының Ағадыр ауылдық ауруханаларына аса қажетті медициналық жабдықтар сатып алынатынын айтты.

«Біз қайырымдылықтан түскен алғашқы қаражатты шара Бурабайда өткендіктен, Ақмола облысының балалар үйі мен шала туған сəбилерге бағыттадық. Жыл санап біздің көмек көрсететін аймағымыз кеңейе түсуде. Сондықтан, алдымен аса қатты мұқтаж болып отырған өңірлерге қол ұшын созуға тырысамыз",- деді кəсіпкер, меценат Болат Өтемұратов.

Бұның алдында велошеру аясында ұйымдастырылған аукционда Г. Головкиннің қолтаңбасы қойылған бокс қолғабы 6 млн теңгеге сатылған еді. Жалпы аукционда Tour de France түстес велосипед ең жоғары бағаланып, 25 млн теңгеге сатылды. Одан бөлек, шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, басты қонақ ретінде KeshYOU тобы мен Данэлия Төлешова өнер көрсетті.  

 

Соңғы жаңалықтар