Бұрқасын, тұман, көктайғақ: Қостанай облысында күн бұзылады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Қостанай облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 қараша күні Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Күндіз солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді.

Осы күні түнде және таңертең Қостанай қаласында жаяу бұрқасын болады. Күндіз солтүстіктен және солтүстік-шығыстан күшті жел соғады. Жел жылдамдығы секундына 18 метрге дейін күшейеді.

Соңғы жаңалықтар