БҰҰ Бас Ассамблеясында жеті мемлекеттің дауыс беру құқығы уақытша шектелді

None
None
НЬЮ-ЙОРК. АНАДОЛУ – ҚазАқпарат - Жеті мемлекеттің БҰҰ Бас Ассамблеясында дауыс беру құқығы уақытша тоқтатылды. АҚШ-тың БҰҰ-ға қарызы бұрынғыша $491 млн болып отыр, деп хабарлайды Түркияның Анадолу агенттігі.

БҰҰ-ға мүше Ливан, Венесуэла, Орталықафрикалық Гамбия, Лесото, Тонга және Йемен сияқты барлығы 7 мемлекет ұйымның бюджетіне төленетін жарна төлемеуі себепті Бас Ассамблеяда дауыс беру құқығынан уақытша айырылды.

БҰҰ Жарғысының 19 бабына сәйкес, егер ұйымға қарызы екі жылда төленуі тиіс көлемнен асып кетсе, мемлекет БҰҰ Бас Ассамблеясында дауыс беру құқынан айырылады.

Өткен жылы БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің 146-сы ұйымға жарналарын толық төлеген. Жарнаны ұйымға мүше 47 мемлекет төлемеген. АҚШ-тың қарызы бұл ретте 491 млн долларды құрап отыр.





Соңғы жаңалықтар