БҰҰ ДБ жаңа баяндамасы: Қазақстан адами дамуының деңгейі өте жоғары мемлекеттер санатында тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Адами даму индексінде өз орнын сақтап қалды және 189 мемлекет пен аумақтар ішінде 51-ші орынды иеленіп, адами дамуының деңгейі өте жоғары мемлекеттер санатында тұр. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) жаңа баяндамасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жыл - COVID-19 пандемиясы - бұл әлем алдында тұрған жаһандық дағдарыстың ең жаңа мысалы, бірақ адамзат табиғатқа деген қысымын азайта түспесе, бұл дағдарыстың соңғы болуы екіталай. Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) жаңа баяндамасында адамзат прогресінің жаңа, эксперименттік индексі енгізілген, ол көмірқышқыл газы шығарындыларының көлемі мен елдердің жалпы ресурстарына кеткен шығындарды ескере отырып жасалған», - делінген баяндамада.

Баяндамада әлем көшбасшыларына күрделі таңдау ұсынылады: қоршаған орта мен табиғи әлемге деген үлкен қысымды азайту үшін шешуші шаралар қабылдау, немесе адамзат прогресін тоқырауға ұшырату.

«Адамзаттың қазіргі кездегі ғаламшарды билеу, басқару күші бұрынғыға қарағанда көбірек. COVID-19 аясындағы рекордтық температура мен теңсіздіктің екпінді өсуін ескере отырып, парниктік газдар шығарындылары мен ресурстар шығындары енді жасырын бола алмайтын кезде, қолымыздағы бар билікті біз үшін прогресстің не екеніні қайта қарастыру үшін қолданатын уақыт келді», - дейді БҰҰДБ әкімшісі Ахим Штайнер.

«Баяндамада көрсетілгендей, әлемдегі бірде-бір мемлекет әлі күнге дейін планетаға үлкен қысым жасамай, адамзат дамуының өте жоғары деңгейіне қол жеткізбеген. Бірақ біз осы әділетсіздікті түзететін алғашқы буын бола алар едік. Бұл адамзат дамуының келесі шегі «, - деді ол.

Баяндамада адамдар мен планета мүлдем жаңа геологиялық дәуірге - антропоценге немесе адам дәуіріне қадам басқан уақытта, барлық елдердің прогреске қарай қозғалысын қайта қарастыратын уақыттың келіп қалғандығы басып айтылады, ол үшін адамзаттың планетаға жасалып отырған қауіпті қысымын толық ескеру қажет деп және өзгерістерге кедергі келтіретін маңызды күш пен мүмкіндік теңгерімсіздігін жою керек екендігін тұжырымдайды.

Осы көзқарасты көрсету үшін Адами даму туралы баяндаманың отызыншы «Жаңа белес: адами даму және антропоцен» мерейтойлық басылымы жыл сайынғы Адами даму индексін (АДИ) құрудың жаңа, эксперименталды тәсілін ұсынады.

Елдегі денсаулық сақтау, білім беру және өмір сүру деңгейі сияқты көрсеткіштерді ескеретін АДИ-ге екі қосымша элементті енгізудің арқасында - көмірқышқыл газының шығарындылары және елдің ресурстарды тұтынуын - адамзаттың прогресін анықтау кезінде басты ескерілетін элемент ретінде адамдардың әл-ауқаты мен планетаға деген қысымды жеңілдету болып қарастырылса, индекс дамудың жаһандық көрінісі қалай өзгеретінін көрсетеді.

Планетаға деген қысымды ескеретіндей етіп өзгертілген осы АДИ-нің арқасында әлемнің жаңа көрінісі пайда болады, ол адамзат прогресінің соншалықты керемет деңгейде емес екенін көрсете отырып, нақты, шынайы бағасын береді. Мысалы, 50-ден астам ел қазба отынына және ресурстарды тұтынуға тәуелді болғандықтан дамудың өте жоғары тобынан шығарылады.

«Қазақстан АДИ-де өз орнын сақтап қалды және 189 мемлекет пен аумақтар ішінде 51-ші орынды иеленіп, адами дамуының деңгейі өте жоғары мемлекеттер санатына қосылды. Жалпы алғанда, АДИ рейтингіндегі Қазақстанның маңызы 1990 жылдан бастап 19,6 пайызға ұлғайып, айтарлықтай жақсарды. Сонымен бірге, елде бірқатар экологиялық проблемалар бар, мысалы, көмірқышқыл газы шығарындылары және қазба отындарынан өндірілетін энергияны тұтыну көрсеткіштерінің көп болуы. Адами даму туралы жаңа баяндама АДИ индикаторларын адам әрекетінің ғаламшарға деген қысымын қарастыра отырып түзететіндігін ескерсек, Қазақстанның көрсеткіштері антропоцен дәуірінің негізгі міндеттері шешілмеген жағдайда нашарлауы мүмкін деп болжауға болады», - деді Якуп Бериш, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі.

Баяндамада адамзат дамуының келесі шегі нормаларды, құндылықтарды, мемлекеттік және қаржылық ынталандыруды бір уақытта өзгерте отырып, табиғатқа қарсы емес, табиғатпен бірлесе жұмыс істеуді талап етеді деп тұжырымдайды. Мысалы, жаңа болжамдар бойынша, климаттың өзгеруі 2100 жылға қарай әлемдегі ең кедей елдерде төтенше ауа райының саны 100 күнге дейін жетеді деп болжайды, бірақ егер Париж климаттық келісімі толығымен орындалса, онда бұл сан екі есеге азаюы мүмкін.

Мұнымен қатар, қазба отындары әлі де субсидиялануда: Халықаралық валюта қорының есебінде келтірілгендей, жанама шығындарды қоса алғанда, қоғам үшін мемлекет қаржыландыратын қазба отынына субсидиялардың жалпы құны жылына 5 триллион доллардан асады немесе әлемдік ЖІӨ деңгейінің 6,5% құрайды.

Анықтама: Адами даму индексі - бұл адам дамуының үш негізгі өлшемі бойынша ұзақ мерзімді жетістіктерді бағалаудың құрамдас индикаторы: денсаулық пен ұзақ өмір, білімге қол жетімділік және лайықты өмір деңгейі. Денсаулық пен ұзақ өмірді өлшеу өмір сүру ұзақтығымен бағаланады. Білім деңгейі ересек халықтың орташа білім ұзақтығымен өлшенеді. Өмір сүру деңгейі жан басына шаққандағы жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) деңгейімен өлшенеді.

Адам дамуы туралы баяндама, сонымен қатар, теңгерімсіздік ескеріле отырып, дұрысталған Адам дамуының индексі (IHDI), Гендерлік даму индексі (GDI), Гендерлік теңсіздік индексі сияқты қосымша мамандандырылған индекстер бойынша шаралар ұсынады. Адамның даму сапасы, жынысы мен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, қоршаған орта және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық туралы таңдаулы ақпарат ұсынылған.

Биылғы жылы Адами даму индексіне екі қосымша элементті - көмірқышқыл газы шығарындыларының көлемі мен елдің ресурстарды тұтынуын ескеретін жаңа, эксперименталды тәсіл енгізілді. Осылайша, адамзат прогресін анықтауда адамның әл-ауқаты және планетаға деген қысымның азайтылуы секілді негізгі элементтер қарастырылады.


Соңғы жаңалықтар