Былтыр елордалық қонақүйлер 1 млн-ға жуық туристі қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы қонақ үйлер 853 823 отандық және шетелдік туристі қабылдады. Бұл оның алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 14 пайызға жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық талаптарға сай қызмет көрсететін, қонақ үйлер баршылық. Солардың ішінде елорданың 208 қонақ үйін айқындадық, олар 2019 жылы 853 823 туристі қабылдаған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 14 пайызға жоғары. Олардың 70 пайызы отандық туристер, қалғаны шетелдіктер. Негізінен қала қонақ үйлерінің жылына 2-3 млн-ға дейін турист қабылдауға мүмкіндігі бар. Қонақүйлерден бөлек, елордада 86 хостел бар. Олардың қызмет көрсету деңгейі еуропалық стандарттардан кем түспейді. Және бағасы да көңілге қонымды. Мысалы, астанадан бір күндік бағасы 2-3 мың теңге тұратын хостел бөлмелерін табуға болады. Бұл елорда үшін тиімді баға», - деді Нұр-Сұлтан қаласы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы директорының коммерциялық сұрақтар жөніндегі орынбасары Бейсен Жолболдиев.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанға келген туристер орташа есеппен 3-4 күнге тоқтайды.

«Бүгінгі күні еліміз бойынша 15 туристік маршрутты жасап шығардық. Бұл туристер үшін ыңғайлы пакет болып табылады. 15 бағыттың ішінде елордада бар. Өздеріңіз білетіндей Нұр-Сұлтан қаласы шетелдіктерді өзінің ерекше сәулетімен тартады. Біздің мақсат – Қазақстанға келген туристердің мүмкіндігінше көбірек қалуына жағдай жасау. Мысалы, елордаға келген туристерді жақын маңдағы Бурабайға апару арқылы туристік әлеуетімізді көрсету. Ол үшін біздегі туристік инфрақұрылымның жұмысын жандандыру міндеттері тұр», - дейді ол.

Бұған дейін Б. Жолболдиев бас қалада гид, экскурсия мамандары мен аудармашылардың тапшы екенін айтқан болатын.








Соңғы жаңалықтар