Былтыр жұмыстан қуылған полиция басшысы қайта бастық болып тағайындалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Былтыр сәуір айында карантин талабын бұзып, жұмыстан қуылған Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиадин қайта жаңа лауазымға тағайындалды. Енді ол Талғар ауданының полиция басқармасын басқарады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған кадрлық тағайындауға байланысты пікір білдірді.

«Полиция полковнигі Ж. Зиадин әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды және ішкі істер органдарында үлкен жұмыс тәжірибесі бар (20 жылдан астам) қызметкер. Сонымен қатар, Ж. Зиадиннің Талғар АПБ бастығы лауазымына 2021 жылдың 5 ақпанында тағайындалғанын хабарлаймыз. ҚР ІІМ штаттық лауазымдарына сәйкес, бұл лауазым бұрын босатылған лауазымынан бір саты төмен болып табылады»,- делінген ведомствоның ресми мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың сәуір айында Ж. Зиадин Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы лауазымынан карантиндік режим нормаларын бұзғаны үшін «атқаратын лауазымынан босату» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын. Алдымен желіде жол ережесін өрескел бұзып жүрген жол талғамайтын көлік көрсетіледі және олардың блокпостан ешкедергісіз өткенін көруге болады. Артынша үлкен дастархан басындағы басқосу бейнежазбаға жалынған. Осы видеоға байланысты артынша лауазымды тұлғаға қатысты қызметтік тексеру басталып, басшылық қызметімен қоштасқан болатын.

«Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің« 65-бабының 3-тармағына сәйкес «әрбір тәртіптік теріс қылық үшін қызметкерге тек бір тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар