Бюджет қаржысын жымқырған Доссор мектеп-интернатының директоры сотталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысындағы Доссор мектеп-интернатының директоры бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шәріпов атындағы Доссор мектеп-интернатының директоры Б.Бұйрашева, шаруашылық мәселелері жөніндегі директор орынбасары Г.Күбиева мен сол мемлекеттік мекеменің бас есепшісі Б.Файзуллинаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Олар бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Олар қызметкерлердің шотына артық мөлшерде жалақы аударып келген. Кейіннен сол қаражатты жинап алып, өздерінің жеке қажетіне жұмсаған. Сонымен қатар, Б.Бұйрашева қызметтік өкілеттігін асыра пайдалана отырып, «ҚАЖ» және «Мәженов» жеке кәсіпкерлерімен генератор және жылыту қазандығын жеткізу жөнінде келісім жасаған. Техникалық сипаттамаға сай келмейтін және толық емес тауарларды қабылдаған. Келген шығын - 3,5 миллион теңге» делінген хабарламада

12 қарашада Мақат аудандық сотымен Б.Бұйрашеваға - 1 жыл, Г.Күбиеваға - 2 жыл және Б.Файзуллинаға 1 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Бұл тұлғалар мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Соңғы жаңалықтар