«Бюджетке қатысу»: Алматыда 267 жоба жүзеге асырылып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда биыл алты миллиард теңгенің 267 жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бүл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Алмас Батанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, 2019 жылы республика бойынша алғаш Алматы қаласында «Халық қатысатын бюджет» пилоттық жобасы іске асырылды.

« 2019 жылы тұрғындардан 333 жобалық ұсыныс түсті, оның ішінде 228 дауыс беруге жіберілді, 183 жоба 10-нан артық дауыс жинады, 55 жоба іске асыруға жіберілді, 49 жоба іске асырылды. Ал, 2020 жылы халықтан 796 ұсыныс түсті, бұл 2019 жылға қарағанда 463 жобаға артық. Осы жобалық ұсыныстардың ішінде 448-і дауыс беруге жіберілді, 281 жоба қайтарылды, 60 жобаны авторлар пысықтамады, 273 жоба іске асыруға жіберіліді, қазір 268 жоба іске асырылып жатыр»,-дейді спикер.
Спикердің сөзінше, 2021 жылы 7,3 млрд теңгеге 273 жобасы іске асыруға жіберілді, бүгінгі күні 6 млрд теңгенің 267 жобасы қолға алынды. 2,1 млрд теңгенің 107 жобасы аяқталды.
«Бұл аумақтарды тиімді басқару үшін азаматтар мен жергілікті атқарушы орган арасындағы диалог. Жобаның мәні – кез келген қала тұрғыны өз қалауы бойынша қалалық ортаны дамыту жөніндегі идеясын ұсына алады. Ол бастама дауыс беру процесінде басқа тұрғындардың қолдауына ие болуы шарт»,- деді басқарма басшысы.
Соңғы жаңалықтар