БЖЗҚ-дағы мемлекеттік құнды қағаздар үлесі 40 пайызды құрайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық мүмкіндігі халықтың зейнетақы жинағының бір бөлігін шешіп алуына байланысты біршама шектелген. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттары сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Қаржы министрлігі шығаратын мемлекеттік құнды қағаздардың бекітілген немесе инфляция деңейініне байланысты сыйақы мөлшерлемесі бар. Сыйақы мөлшерлемесі нарықтық жағдайда, мемлекеттік құнды қағаздарды сату жөніндегі аукцион барысында айқындалады. Оған ішкі қор нарығындағы барлық кәсіби қатысушылар қатыса алады. Бұл ретте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мемлекеттік құнды қағаздардың негізгі ұстаушысы саналады. Оның жалпы қоржынындағы мемлекеттік құнды қағаздар үелсі шамамен 40 пайызды құрайды», - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.

Оның атап өтуінше, жыл сайынғы тапшылық мемлекеттік құнды қағаздар шығару, оның ішінде БЖЗҚ сатып алатын МҚҚ (мемлекеттік құнды қағаздар) есебінен жабылады. Ұлттық банк басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы қаулысымен бекітілген БЖЗҚ-ның инвестициялық декларациясымен МҚҚ үшін лимит 70 пайыздан аспайтын мөлшерде бекітілген.

«Бүгінде БЖЗҚ-дағы МҚҚ үлесі 40 пайызды құрайды. Бұл БЖЗҚ қаражатын МҚҚ-ға одан ары инвестициялау үшін қандай да бір шектеудің жоқ екендігін білдіреді. Бұған қоса, инвестициялық декларацияға сәйкес, зейнетақы активтерінің қоржынын әртараптандыру мақсатында БЖЗҚ қаражаты өзге дже қаржылық құралдарға инвестициялануы тиіс. Дегенмен, халықтың зейнетақы жинақтарын шешіп алу жағдайында БЖЗҚ-ның ішкі нарықтағы тапшылықты қаржыландырудың негізгі көзі ретіндегі мүмкіндігі шектеулі», - деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар