БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинағы 12,9 триллион теңгеден асты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2021 жылғы 1 қаңтарда 12,9 триллион теңгеден асты. Оған зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс та кіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қордың ақпараты бойынша 2020 жылдың 12 айында салымшылардың шоттарына 1,2 трлн теңге мөлшерінде таза инвестициялық кіріс есептелген. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен екі есеге жуық мөлшерге артық.

«Жалпы барлық зейнетақы активі БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс 4,7 трлн теңгеге жетті. 2021 жылдың 1 қаңтарына зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі таза инвестициялық табыстың үлесі 34,5%-ды құрады. Егер Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бергі кезеңді алатын болсақ, таза инвестициялық табыс 5,5 триллион теңгеден асты. Осы уақыт ішінде инвестициялық кірістілік өсу қорытындысымен 602,90%-ды құрады. Ал инфляция 496,65% болды. Осылайша 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 106,25%-ды құрап отыр», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар