Cемейде 142 жыл бұрын салынған ғимарат түннен бері өртеніп жатыр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Cемейлік өрт сөндірушілер 1879 жылғы ғимаратта шыққан жалынмен 10 сағат бойы арпалысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 26 ақпанда сағат 00.46-да Абай даңғылының бойында орналасқан ЖШС-ның екіқабатты ғимаратында өрт шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына бірден келіп жетті. Ағаштан салынған 1879 жылғы ғимараттың қабырғаларын, еденін, жиһаздарды және жеке заттарды жалын шарпыған.
«Қазіргі уақытта тілсіз жаумен 19 техника мен 55 адам күресуде. Алдын ала мәлімет бойынша, жалын 600 шаршы метр аумақты шарпыды», - делінген хабарламада.
Өрттің шығуына – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау, электр жабдықтарының апаттық жағдайда болуы немесе отпен абайсыз әрекет ету себеп болуы мүмкін.
- Жерорта теңізінде қайық аударылып, 130-ға жуық мигрант опат болды
- Ақтауда ер адам дүкенге қарақшылық шабуыл жасады
- Қызылордада 42 жастағы ер азамат алғаш рет төлқұжат алды
- ШҚО тұрғыны полицияға 1889 жылы шыққан қаруды тапсырды
-
Биыл Қарағанды облысының 1200-ден астам тұрғыны көзіне тегін операция жасатты
-
СҚО-да ауыл тұрғыны интернет-алаяқтарға сеніп, 2 млн теңге несие алып берген
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам