Cемейде бір ай бұрын жоғалып кеткен 55 жастағы ер адам әлі табылмай жатыр

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында із-түссіз жоғалып кеткен ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өзі жұмыс істейтін шаруа қожалығына мал бағуға кеткен азамат сол-күйі хабар-ошарсыз.

«9 маусымда «Қызылтас» шаруа қожалығының басшысы Семей қалалық Полиция басқармасының «102» жедел арнасына қоңырау шалды. Өз сөзінде ол 1966 жылғы Олег Зубковтың жоғалып кеткенін айтты. Аталған шаруа қожалық Қайнар ауылынан 45 шақырымдай қашықтықта орналасқан», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Полиция қызметкерлері ер адамды табу үшін жедел-іздестіру шараларын қолға алды. Алайда арада 1 айдан астам уақыт өтсе де Семей тұрғыны табылмай жатыр. Тәртіп сақшылары оның қайда екенін білгендер болса «102» арнасына хабарласуды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар