«Челябі-Новосібір» күре жолын су басты - СҚО

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда Есіл өзені тасып, халықаралық маңызы бар жолды шайып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, Петропавл қаласының маңында Есіл өзені тасып жатыр. Бүгін халықаралық маңызы бар «Челябі-Новосібір» автожолының 528 шақырымын су басты. Әзірге жолдың үстінен кеткен су терең емес, яғни көліктер өтіп жатыр .

Сағат 16.00 жағдай бойынша Есіл-Петропавл гидрологиялық постында су деңгейі 968 см жеткен. 8 сағаттың ішінде 8 см жоғарылады. Қала маңында өзеннің суы да көтеріліп келеді .

Жалпы бір тәуліктің ішінде Есіл өзенінің су деңгейі Петропавлда 24 см-ге, Новоникольское елді мекенінің маңында 64 см-ге, Долматово ауылының маңында 41 см-ге көтерілді. Покровка елді мекені маңында ең жоғары көрсеткіш – 1049 см тіркеліп, бір тәулікте 18 см-ге түсті.

Петропавл су қоймасында да су деңгейі көтеріліп жатыр. Бір тәулікте 26 см-ге өзгеріп, 825 см-ге жетті.


Соңғы жаңалықтар