Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» сырт алаңда қарсыласын жеңіп кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 24 ақпанда UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы соңғы екі жұп алғашқы ойындарын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы болып Германияның «Боруссия» (Мёнхенгладбах) және Англияның «Манчестер Сити» командалары өзара шеберлік байқасты.

Екі команда бұған дейін аталған турнирде төрт мәрте кездесті. Оның үшеуінде ағылшындық клуб басым түссе, біреуінде тең нәтиже тіркелді.

Кездесу барысында «Манчестер Сити» сенімді ойын көрсетті. Олардың сапынан Бернарду Силва 29, Габриэл Жезус 65-минуттарда қос голдың авторы атанды. Кездесуде «Манчестер Сити» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті.

Тағы бір жұпта «Аталанта» (Италия) мен «Реал Мадрид» (Испания) клубтары жасыл алаңға шықты.

Айта кетерлігі, екі команда бұған дейін Чемпиондар лигасында бірде-бір мәрте кездескен емес.

Кездесу тағдырын 86-минутта Ферлан Менди соққан жалғыз гол шешті. Осылайша испаниялық клуб қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Қарымта ойындар 16 наурызда болады.

Айта кетейік, бұдан бұрын турнирдің аталған сатысында алты жұп өзара алғашқы кездесуін өткізіп үлгерді. Мәселен, 16 ақпанда сырт алаңда «Ливерпуль» «Лейпцигті» 2:0, «Пари Сен-Жермен» «Барселонаны» 4:1 есебімен жеңді.

Ал 17 ақпанда өз алаңында «Порту» «Ювентустен» 2:1 есебімен басым түссе, «Севилья» «Боруссия Дортмунд» клубына 2:3 есебімен есе жіберді.

Сондай-ақ, 23 ақпанда «Бавария» (Германия) «Лацио» (Италия) клубынан 4:1 , Англияның «Челси» клубы сырт алаңда Испанияның «Атлетико Мадрид» командасынан 1:0 есебімен тізе бүктірді



Соңғы жаңалықтар