Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аяқталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңіндегі соңғы турының ойындары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бельгияда «Брюгге» командасы испаниялық «Реал Мадрид» ұжымын қабылдады. Ойынның бірінші бөлігі қонақтардың басымдығымен өтті. Лука Йович, Иско сынды футболшылар есеп ашатын сәттерді мүлт жіберді. Бас төреші бірнеше рет тәртіп бұзған 4 аяқ-доп шеберіне ескерту қағазын көрсетті.

Екінші таймда «Реалдың» жас шабуылшысы Родриго таблодағы есепті өзгертті. Есеп 0-1! Ал 54-минутта Ванакен таразы басын теңестірді. Алайда бразилиялық Винисиус мадридтік клубты алға шығарды. Ойын соңына таман Лука Модрич командасының үшінші голын соқты. Қорытынды нәтиже —1:3.

Бүгінгі түннің басты жаңалығы — Италия өкілі «Аталанта» командасының өз тарихында бірінші рет Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығуы.Олар Украина чемпионы «Шахтёрді» 0:3 есебімен ұтты. Нәтижесінде украиналықтар Еуропа Лигасына түсіп қалды.

Айта кетейік, бұған дейін С тобында сынға түсіп жатқан Англияның «Манчестер Сити» командасы сырт алаңда Хорватияның «Динамо» (Загреб) клубымен шеберлік байқасты.

Осылайша, бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңі аяқталды. Финалдық кезең келесі жылы өтеді.

Соңғы жаңалықтар