Цифрлық банктің Шымкенттегі алғашқы филиалы ашылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласында Қазақстандағы алғашқы цифрлық банктің алтыншы филиалы ашылды. «Altyn Bank» АҚ филиалдары бұған дейін еліміздің Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында ашылып, қызмет көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасының «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысын бастаған аталған қаржы ұйымының ашылу салтанатына Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Чжан Сяо мен қала әкімі Ерлан Айтаханов қатысты.

Салтанатты шарада қала тұрғындары мен банк қызметкерлерін жаңа банктің ашылуымен құттықтаған қала басшысы заманауи технологиялық трендтер қаржы саласын өзгертетінін атап өтті.

«Бүгінгі таңда банктердің 70% жеке және заңды тұлғаларға интернет пен мобильді банкинг арқылы қызмет көрсетеді. Банктердің 55% өз қызметтерін мобильді қосымша негізінде ұсынады. Бұл нарыққа өңірлік инвесторлардың қол жеткізуін жеңілдетіп, инвесторларға әлемнің кез келген нүктесінен қазақстандық қор нарығында қаржы құралдарымен сауда жасауға мүмкіндік береді», -деді қала әкімі.

Айта кетейік, «Altyn Bank» АҚ құрған бренд - жеке тұлғаларға қызмет көрсету бойынша толыққанды цифрлық банк. Басты артықшылықтары – 24/7 режиміндегі қызметтердің қолжетімділігі, ыңғайлы жағдай мен инновациялық цифрлық мүмкіндіктер.

Барлық өнімдері мен процестері яғни, шот ашу мен дебеттік карта шығару, халықаралық валюта аударымын жіберу мен кепілсіз кредит алғанға дейінгі қызмет онлайн режимде көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар