+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Цифрлық Қазақстан: Елордада 6 негізгі бағыт бойынша ауқымды жұмыстар іске асырылуда

2021 жылғы 18 ақпан 18:33
Бөлісіңіз:
Цифрлық Қазақстан: Елордада 6 негізгі бағыт бойынша ауқымды жұмыстар іске асырылуда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданы «Ақылды қала» тұжырымына сай цифрландыру және трансформациялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 6 негізгі бағыт бойынша басым жобалар іске асырылуда: білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, ТКШ, көлік және мемлекеттік қызметтер салаларын цифрландыру, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет жол белгілеріне сары түс қолданылды Нұр-Сұлтанда тағы бір сауда ойын-сауық орталығында вакцинация пункті ашылды Лифтінің бейнебақылау камералары мен қабырғаларын сындырған елорда тұрғыны ұсталды

Бүгін елорда әкімі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа жұмыс барысын және оның қолданысын таныстырды. Іс-шараға бейнеконференция байланысы арқылы бірқатар министрліктер, облыстық әкімдіктер және т.б. қатысты.
Алтай Көлгінов атап өткендей, цифрлық технологияларды енгізу қызметтердің сапасын арттыруға және қала тұрғындарының өмірін жеңілдетуге ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бірнеше есе азайтуға, адами факторды болдырмауға мүмкіндік береді.


«Ел басшылығы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру мен автоматтандыруға ерекше көңіл бөледі. Осы бағытта үлкен жұмыс атқарудамыз. Қазірдің өзінде көп нәрсе жасалды. Мысалы, өткен жылы біз көрсететін барлық 159 мемлекеттік қызметті электронды форматқа көшірдік. Бізге iQala орталығының да көмегі зор. Онда тұрғын үй-коммуналдық секторы саласында «бір терезе« қағидаты бойынша ұйымдастыру қызметтерін алуға болады. Бұрын қызмет көрсету регламенті болмаған. Мысалы, пәтер сатып алғаннан кейін азамат барлық монополистерді аралап, әрқайсысымен жеке-жеке келісімшарт жасасып, ара-тұра қоңырау шалып, құжаттардың дайын екенін білуге мәжбүр болатын. Бұл іс 1 айға дейін созылатын. Қазір өтініш беруші iqala.kz сайты арқылы өтініш береді, 3-5 күн ішінде оған құжаттардың дайын екендігі туралы SMS хабарлама келеді. Осы жылдың басынан бері орталық 14,5 мыңға жуық қызмет көрсетті.


Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Астана – Адалдық алаңы» бірлескен жобасы аясында мектептегі тамақтану мәселесі қозғалды. Мемлекеттік сатып алуларды автоматтандыру жүргізіліп, барлық төрт аудан әкімдігі фронт-офис форматына көшті. Ашық әкімдік режимінде жұмыс істеуде. Сондай-ақ денсаулық паспорттарын 100% цифрландыру жүргізілді. Медициналық анықтама берудің заңдылығын тексеру үшін ақпараттық қызмет әзірленді. Берілген анықтамаға QR-код жазылады, кодты сканерлеп, оның түпнұсқалығын тексеруге болады. Сондай-ақ, барлық қоғамдық көліктер электронды төлем жүйелерімен жабдықталған. Бұл ақша қаражатының 40%-ын көлеңкелі айналымнан шығаруға мүмкіндік берді. «Қауіпсіз аула» және т.б. жобалармен жұмыс істеуді жалғастырамыз», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
Бұдан басқа, қалада инженерлік желілер мен ғимараттарды, жер учаскелерін цифрландыру, бас жоспардың кеңістіктік үш өлшемді макетін, қаланың 3D моделін, инвестициялық карталарды және т.б. жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мысалы, инженерлік желілерді цифрландыру бірнеше мәселені бірден шешуге мүмкіндік береді. 3D және BIM технологияларын қолдана отырып, желідегі жүктемелерді көруге, яғни қай жерін ауыстыру керек, қуатты қай тұста арттыру керек секілді мәселелердің алдын алуға болады. Сондай-ақ, цифрлық жобаларды іске асыру қала құрылысы процестерін, ауруханаларды, мектептерді, балабақшаларды белгілі бір аудандарды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы деректерді болжауға және модельдеуге, қолданыстағы және жобаланатын жол желілерінің жай-күйін көруге жағдай туғызады.


Цифрландыру сол сияқты бос жер учаскелерін ұтымды пайдалануға, пайдаланылмайтын учаскелерді қайтару бойынша база құруға мүмкіндік береді.

Алик Шпекбаев Нұр-Сұлтан әкімдігінің қоғам өмірінің маңызды бағыттарын цифрландыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру, ынтымақтастық және «Астана - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлескен жұмыстарды жоғары бағалады.
«Елорданың тәжірибесін өзге өңірлер де қолдануы тиіс. Қазір еліміз бойынша жер қатынастары және құрылыс салаларында үлкен проблемалар кездесіп жатады. Бүгін, Нұр-Сұлтанда геопортал арқылы орын алған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, адами факторды болдырмауға мүмкіндік беретін ерекше шешімдер мен тәсілдерге куә болдым. Барлық әкімдіктер осы тәжірибені негізге алуы керек. Елордада қабылданған, қазірдің өзінде тиімділігін көрсетіп отырған стандарттарды басқа мемлекеттік органдар қабылдауы қажет», - деп түйіндеді Антикор басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT