Цифрлық Қазақстан: Павлодар облысында 1 млрд 484 млн теңге игерілді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында 1 млрд 484 млн теңге игерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облыстық Индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Кенжебек Азатбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім еткендей, оның ішінде 390 млн теңге - білім беру, 890 млн теңге - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және 203,5 млн теңге көлік салаларына бағытталған.

«Денсаулық сақтау саласында медициналық ұйымдардың жеке қаржысы есебінен жүргізіледі. Өңірде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы үшінші жыл жүзеге асырылуда. Биыл цифрландыру саласында орталық құзырлы орган ҚР-ның «Ақылды қалалары» стандартын бекітті. Бұл құжат «Ақылды қалаларды» 11 бағыт бойынша қамтиды», - дейді Кенжебек Азатбеков.

Оның айтуынша, қолданыстағы басым бағыттардың қатарына экология, туризм, құрылыс, инклюзивті қоғамдағы өмір, қаланы басқару және ауыл шаруашылығын жүргізу бағыттары енгізілген.

Аймақта цифрландыру білім беру, денсаулық сақтау, ТҮКШ, көлік және қауіпсіздік бағыттары бойынша жүргізілуде. 2018 жылы әр бағытқа Жол карталары бекітіліп, жауапты салалық басқармалар, қала және аудан әкімдіктері таңдалған. Жобаларды енгізуден жалпы экономикалық тиімділік 618 млн теңгені құраған. Бұл сомадан 548 млн теңге денсаулық сақтау саласына, 28 млн теңге білім беру саласына және 42 млн теңгесі ТҮКШ саласына тиесілі.


Соңғы жаңалықтар