Цифрлық теледидарға қалай қосылуға болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Цифрлық эфирлік теледидарға қалай қосылуға болады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында «Қазтелерадио» АҚ Алматы облыстық телерадиохабар тарату дирекциясының директоры Қайсар Раздыков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта пайдалануға берілген радиотелевизиялық станциялардың жалпы саны - 546 бірлік, олар ел тұрғындарының 91% - дан астамын қамтиды. Бүкіл ел бойынша аналогтық телехабар таратуды 100% өшіру үшін 827 радиотелевизиялық станцияны салу және жаңғырту қажет.

Цифрлық эфирлік телехабар таратудың көмегімен тек отандық қазақстандық телерадио арналар ғана көрсетіледі, бұл ретте халық үшін тегін.

«Цифрлық эфирлік телехабар тарату технологиясын ескере отырып, облыс орталықтары деңгейінде тұрғындарға стандартты анық 30 телеарнаға дейін, облыс орталығынан төмен 15 арнаға дейін, ал аналогтық хабар тарату кезінде тиісінше 10 және 4 арна қолжетімді. Сондай – ақ, аналогтық хабар тарату кезінде шу, жарықшақ, «қардың» салдарынан жиі кедергілер байқалады, ал цифрлық хабар таратуда - сурет пен дыбыс тұнық болады», - деді ол.

Атап өтетін жайт, цифрлық телехабар тарату жоғары сапалы кескін мен дыбысты алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар арналар мен бағдарламалардың үлкен таңдауын ұсынады. Ескі үлгідегі сигнал сыртқы әсерлерге өте осал, мысалы, ауа-райының қолайсыздығына байланысты және қатты желде жоғалып кетуі мүмкін. Сандық хабар тарату жоғары қорғаныс деңгейіне және сигнал сапасына ие, ол ұзақ қашықтықта қабылданады.

Ол аналогтық хабар тарату принцип бойынша жұмыс істейді: бір таратқыш – бір арна. Цифрлық хабар тарату бір таратқышта көптеген арналарды таратуға мүмкіндік береді.

«Цифрлық эфирлік теледидарға қосылу қиын емес. Сандық қабылдағыштарды сатып алу қажет. Оларды сатып алу қолжетімді - Алматы мен Алматы облысындағы 100-ге жуық сауда нүктесі бар. Қабылдағыштың құны-шамамен 4 мың теңге және антеннасы 1,5 мың теңге. Егер теледидарлар жаңа болса (2016 жылдан бастап) - онда оларға цифрлық қабылдағыштар орнатылған, тек антеннаны қосу керек», - деп түсіндірді Қайсар Раздыков.

Цифрлық эфирлік теледидарды көру үшін абоненттер тек теледидардың DVB-T2 стандартына келетін-келмейтінін тексеруі керек, бұл жағдайда дециметрлік антеннаны сатып алып, оны теледидарға қосу керек. Егер теледидарлар DVB-T2 стандартын қолдамаса, абоненттер DVB-T2 цифрлық сигнал қабылдағышын және дециметрлік антеннаны сатып алуы керек.

«2017 жылдан бастап Алматы қаласында АӘК алушылар телевизиялық абоненттік тіркемелермен тегін қамтамасыз етілуде. 2021 жылға жалпы сомасы 1 100 мың теңгеге 100 АӘК алушыны қамтамасыз ету жоспарланған. АӘК алушы тіркемелерді (приставка) алу үшін тұрғылықты тұратын жері бойынша Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының аудандық бөлімдеріне өтініш беріп, оның АӘК алушы екендігі туралы анықтаманы қоса беруі қажет»,-деп қортындылады спикер.

Бұға дейін, 1 ақпаннан бастап Алматы толығымен цифрлық телехабарға көшетіні туралы жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар