+7 (701) 759 90 19
USD 432.21 EUR 520.38
RUB 5.67 CNY 66.59
Jańalyqtar

COVID-19: Ақмола облысында 34 мектеп қашықтан оқытуға көшті

2021 жылғы 24 ақпан 19:47
Бөлісіңіз:
COVID-19: Ақмола облысында 34 мектеп қашықтан оқытуға көшті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Ақмола облысында оқушылар арасында COVID-19 қатысты 499 жағдай тіркелді.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда өткен тәулікте 2307 адам коронавирустан сауықты Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 300 мыңнан асты Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы бар ма

Бұл туралы брифингте облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство басшысының айтуынша, өңірде оқушылар арасында бір тәуліктің ішінде COVID-19-ға қатысты 7 жағдай тіркеліп отыр. Оның ішінде Бурабай ауданында-4, Жақсы ауданында-1, Целиноград ауданында-1, Көкшетау қаласында-1 жағдай тіркелді.

«Ағымдағы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап оқушылар арасында аурудың 499 жағдайы тіркелді, оның ішінде штаттық режимде (оффлайн)–212(43%) жағдай, онлайн–287(57%) жағдай. Пандемия басталғалы бері 761 оқушыдан COVID-19 вирусы зертхана арқылы расталды», - деді Айнагүл Мусина.

Брифингте айтылғандай, 2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанында облыс бойынша COVID-19-дың 25 жағдайы тіркелді (6 оффлайн/19 онлайн), екінші тоқсанда 223 жағдай (75/148), үшінші тоқсанның басынан бері 499 жағдай тіркелді (212/287). Аудандар бойынша алғанда, Көкшетау қаласында-(328), Степногорск қаласында-(38), Бурабай ауданында-(66), Зеренді ауданында-(36), Сандықтау ауданында-(34).

«Облыс бойынша оқушылар арасында коронавирус инфекциясының тіркелуіне байланысты 34 мектеп қашықтан оқытуға көшті», - деп толықтырды ведомство басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT