COVID-19: Қытай карантин режимін жеңілдетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытай билігі коронавирус жұқтырғандардың оқшаулану мерзімін екі есеге қысқартып, COVID-19 үшін карантин режимін жұмсартты, деп хабарлайды Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының хабарлауынша, бұдан былай саяхатшылар карантинде жеті күн болып, одан кейін тағы үш күн үйде бақыланады.

Бұған дейін қонақүйде 21 күндік карантин талап етілген, ал кейбіреулеріне оқшауланудың соңғы аптасын үйде өткізуге рұқсат берілді.

Сонымен қатар, карантин кезінде тестілеуге қойылатын талаптар жеңілдетілді. Енді туристердің мұрнынан емес, тамағынан жұғынды алу жеткілікті болады.

Жаңа ұсыныстарда саяхатшылар үшін вакцина салдыру талаптары айтылмады.


Соңғы жаңалықтар