COVID-19 пандемиясы кезінде қандай әлеуметтік қолдау көрсетілді – Еңбек министрі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов COVID-19 пандемиясы кезеңінде халыққа қандай әлеуметтік қолдау көрсетілгенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы төтенше жағдай режимі мен карантин енгізілген кезде халықты қолдаудың қосымша шаралары көрсетілді. Мемлекет әлеуметтік сақтандыру қорынан алғаш рет әлеуметтік төлемдер енгізді. Ең алдымен қызметін шектеуге байланысты табысынан айырылған азаматтар үшін – ең төменгі жалақы мөлшерінде төлемдер енгізілді. ТЖ және карантин кезеңінде оларды 476 млрд теңге сомасына 4,6 млн адам алды», - деді министр халыққа есеп беру кездесуінде.

Сонымен бірге, жұмыста COVID-19 жұқтырған дәрігерлерге және медицина қызметкерлері қайтыс болған жағдайда олардың отбасыларына төлемдер қарастырылған және 9,5 мың адам 20,5 млрд теңге алған.

«Бұдан басқа, ай сайын әлеуметтік жағынан осал санаттардағы 1 млн-нан астам азамат жалпы сомасы 25 млрд теңгеге азық-түлік жиынтығы түрінде қолдау алды. Инфекцияның көбею қаупін азайту үшін 600 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар 55,5 мың адамға жәрдемақы төлеу мерзімдері автоматты түрде ұзартылды», - деді С. Шәпкенов.


Соңғы жаңалықтар