Crew Dragon кемесі 4 ғарышкермен Жерге оралды

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Халықаралық ғарыш станциясынан төрт ғарышкермен ұшып шыққан Crew Dragon Мексика шығанағында суға қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы NASA өкілдері Twitter -дегі ресми аккаунтында хабарлады. Мәлімдемеге сәйкес, ғарышкерлер Виктор Гловер, Майкл Хопкинс, Шэннон Уолкер және Соити Ногути халықаралық ғарыш станциясындағы (ХҒС) жарты жылдық ғылыми миссиядан кейін Жерге оралды. Crew Dragon ғарыш кемесі Мексика шығанағында, Флорида штатының Панама-сити қаласы маңында суға қонды. Ғарышкерлер Crew Dragon кемесімен ХҒС-қа 2020 жылдың қараша айында алғашқы жұмыс рейсімен аттанған болатын.

Кеме 15 қарашада сағат 19:27-де АҚШ-тың шығыс жағалауындағы Флорида штатының Канаверал ғарыш айлағынан ұшырылған еді.


Соңғы жаңалықтар