«Даму» қорының қолдауымен 9 жылда 27 трлн теңгенің өнімі шығарылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2010-2019 жылдары «Даму» қорының қолдауымен 170 мың жаңа жұмыс орны ашылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Даму» кәсіпкерлік дамыту қорының басқарма төрағасы Гаухар Бөрібаева Үкімет отырысында осындай мәлімет айтты.

«Кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаларға қатысушылар 2010-2019 жылдары 27 трлн теңгеге өнім шығарып, 600 мың жұмыс орнын сақтады. Оның 170 мыңы жаңадан ашылған. Әлеуметтік-экономикалық әсердің жылдық көрсеткіштері 30 пайызға өскенін атап өту керек», деді «Даму» қорының басшысы.

Гаухар Бөрібаева былтырдан бері «Даму» қоры Еуропалық инвестициялық банкпен тығыз жұмыс істеп жатқанын айтады. Осының арқасында 200 млн еуро көлемінде лимиттік келісім жасалған.

«Жасыл облигациялар» шығару арқылы 200 млн теңге көлемінде қаражат тартылды. Шағын және орта бизнесті исламдық қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды. БҰҰ-ның даму бағдарламасымен жаңаратын энергия көздеріне қатысты шағын жобаларға салынатын инвестициялық тәуекелдерді төмендету бағдарламасын іске қосу бойынша келісімге қол қойылды. Биыл жыл соңына дейін «Лизинг компаниялардың көмегімен кепілдік беру құралының қамтылуын кеңейту, «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасын дамыту, талдау қызметін күшейту, шағын және орта бизнес саласында құзыреттілік орталығын құру шаралары жоспарланып отыр. Осы аталған шаралар 2021 жылы қолдау тапқан жобалардың санын 15 пайызға арттыруға, 10 мың жаңа жұмыс орнын құруға және 5,5 трлн теңгенің өнімін шығару жол ашады», - деді қордың басқарма төрайымы.


Соңғы жаңалықтар