+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Дана Нұржігіт: Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек

2021 жылғы 25 ақпан 11:03
Бөлісіңіз:
Дана Нұржігіт: Ұлттық құндылық телевизиялық рейтингтен жоғары болуы керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенат депутаты Дана Нұржігіт отандық телевизиядағы кейбір бағдарламалар ұлттық ұстанымдарымызға қайшы деп есептейді. Бұл туралы Парламент өкілі Үкімет басшысына жолдаған сауалында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ЕАЭО-ның Бірыңғай тізбесіне енгізілмеген өнімдерді реттейтін заң қабылданды Бруцеллезге қарсы  рұсат етілген вакциналар тізімін қайдан табуға болады

Депутаттың айтуынша, бүгінгі телевизиялық контенттің көрермен ең көп қарайтын уақыты – прайм-таймда (18:00 – 24:00) ұлттық санаға соққы болатын, халықтың ар намысына тиетін тақырыптарға арналып отыр. Депутат рейтинг көтеруге бағытталған сенсациялық тақырыптарға арналған ток-шоулар идеологияны насихаттау үшін жұмыс істемейді деген пікірде.

«Қазақстанның ақпарат саласындағы заңнамасында телеарналардың басты қағидаты болуға тиісті «ұлттық құндылықтарды сақтау», «дәріптеу», «насихаттау» деген ұғым-түсінік жоқ. Біз отандық арналардың барлық иелерінен эфирде көрсетілетін кез келген контенттің ұлттық құндылықтар қағидасына негізделуін талап етпейінше қоғамдағы руханият деңгейі көтерілмейді. Халықаралық тәжірибені зерделей отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметінен заңнамада жоғарыда аталған талапты көздейтін нормаларды қарастыруды және тиісті заңнамалық актілерге қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастыруды сұраймын», - дейді сенатор.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT