Дәнді дақылдарды сақтандыру мерзімі ұзартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Аграрлық несие корпорациясы дәнді дақылдар үшін топырақта ылғалдың болмауынан сақтандыру бойынша өтінімдерді қабылдау мерзімі 2022 жылдың 24 сәуіріне дейін ұзартылғанын хабарлайды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Аграрлық несие коропорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін астықты сақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру басталғаны туралы хабарланған болатын.

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді сақтандыру полисінің құнын төмендету, агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру нарығына жаңа қатысушыларды тарту және өсімдік шаруашылығындағы тәуекелдерді азайту үшін мемлекет сақтандыру сыйақыларын субсидиялайды. Мысалы, фермерлер үшін сақтандыру полисінің құны субсидиялаудың көмегімен 50%-ға төмендейді»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Қазақстанның бидай мен ұн экспортына шектеу қойғаны хабарланды.




Соңғы жаңалықтар