+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Даниал Ахметов Өскеменде шағын аудан тұрғындарымен кездесті

2020 жылғы 18 қаңтар 17:55
Бөлісіңіз:
Даниал Ахметов Өскеменде шағын аудан тұрғындарымен кездесті

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Кездесуге жиналған 500-ден астам тұрғын аймақ басшысы Даниал Ахметовке сауалдарын жолдап, ұсыныстарын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде айтылып жүргендей, бұл жаңа ықшам ауданда шешілмеген бірқатар түйткілді мәселелер бар. Халық үні қашанда өңір билігінің назарында. Ал мұнда атқару қажет жұмыстың қатары аз емес. Көпқабатты тұрғын үйлердің арасында түбегейлі жоспарлау жобасында жолдар мен тротуарлар қарастырылмаған. Жер асты суларын бұру арналары, дренаж торабы мен нөсер канализациясы көрсетілмеген. Осы ретте облыс әкімінің тапсырмасымен абаттандыруға бағытталған Кешенді жоспар әзірленіп, биылдан бастап іске қосылды. Жоспарға сәйкес шағын ауданда 12 балалар және 12 спорттық алаң, 3 футбол алаңы салынып, 15 мың ағаш көшеті отырғызылады. Жалпы, 20 мыңнан астам шаршы метр аумақ көгалдандырылатын болады. Алдағы уақыттағы ауқымды жобалардың бірі – аумағы екі гектар демалыс саябағының құрылысы.

– Тұрғын ауданды абаттандыру екі кезеңде жүзеге асады. Жалпы 1,3 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаражаттың қашан және қандай абаттандыру жұмысына жұмсалғанын, құрылыс барысын енді тұрғындар өздері жіті бақылайды. Яғни, ашық алаң принципі негізінде ықшам ауданның әрбір тұрғыны қаржы шығыны бойынша жіберілген кем-кетік тұстарды қадағалап, тиісті мемлекеттік органға шағымдана алады, - деді өңір басшысы.

Кездесу барысында жолданған сауалдардың басым бөлігі жоспарда қамтылған жол жөндеу, қоғамдық көліктер, жауын-шашын кезіндегі су құбырларының мәселелеріне қатысты болды. – Барлық мәселер жоспарлы түрде шешімін табады. Тек бірлесе жұмыс атқаруымыз керек, - деді жиын соңында өңір басшысы.

Жұмыстың алғашқы қорытындысы шығару мақсатында алдағы уақытта тұрғындармен тағы да кездесу өткізіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT