Дәрі-дәрмек қорын қалыптастыруда маусымдық ЖРВИ-ға шалдығу көрсеткіші есепке алынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дәрі-дәрмек қорын қалыптастыру барысында күз-қыс айларында жедел респираторлы вирусты инфекцияға (ЖРВИ) шалдығу көрсеткішінің артуы есепке алынады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«СК-Фармация» базасында қор қалыптастыру барысында вирустық аурулармен қатар коронавирус инфекциясына шалдығу болжамы есепке алынады. Осыған байланысты тегін амбулаторлық, стаицонарлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және бөлшек сауданы молықтыру үшін қор қалыптастырылады. Барлық есеп-қисабын аурудың өсіміне байланысты ұсынатын боламыз», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Ал «СК-Фармация» ЖШС-ның басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев осы жылдың басында Ресейде шығарылатын «Гриппол» вакцинасының 1,9 млн дозасы сатып алынған атап өтті.

«Қыркүйек айында жеткізіледі деп отырмыз. Сонымен қатар қосымша өтінімдерге байланысты тағы да аламыз. Жеткізу жұмыстарын жеделдету қажеттігін түсінеміз. Бұл мәселе жеткізушімен талқыланып жатыр», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар