+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Дариға Назарбаева мен Дмитрий Казанцев Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылады

2019 жылғы 22 қараша 21:36
Бөлісіңіз:
Дариға Назарбаева мен Дмитрий Казанцев Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығының директоры Дмитрий Казанцевпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Дариға Назарбаева ерекше актерлер театрының жас әртістерімен кездесті Ауыл шаруашылығы машинасын жасауға арналған салалық бағдарлама қажет - сенатор Сенаторлар «Ауыл-ел бесігі» жобасына енбеген елді мекендер мәселесін көтерді

Кездесу барысында шағын және орта бизнес қызметін заңнамалық реттеуді жетілдіру мәселелері талқыланды.

«Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөздерінде шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне үнемі назар аударып келеді. Кәсіпкерлік пен инвестициялар мәселелерін реттейтін қолданыстағы заңнамалық база жетілдіруді қажет етеді деп санаймын. Бүгін осы сала өкілдерін тыңдау, көтерілген мәселелерді талқылау және шешімдер ұсыну - біз бен сіздің міндетіміз», - деді Дариға Назарбаева.

Дмитрий Казанцевтің айтуынша, бүгінгі таңда салықтық әкімшілендіру және жеке кәсіпкерлік қызметінің түрлерін реттеу мәселелерінде бірқатар өзекті мәселелер бар. Шағын және орта бизнесті жіктеуді қайта қарау қажет. Халықтың қаржылық сауаттылығын жақсарту – бөлек мәселе. Д.Казанцев сондай-ақ сенаторларға еліміздің шалғай елді мекендерінде тегін заң кеңестерін көрсету үшін әкімшілік ресурстардың жетіспеушілігі туралы хабардар етті.

Дариға Назарбаева өз кезегінде Дмитрий Казанцевтің бастамаларына қолдау білдіріп, талқыланған мәселелерді шешу үлгілерін әзірлеу үшін Сенат депутаттары мен кәсіпкерлердің бірлескен жұмысын ұйымдастыруды ұсынды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT