Дәрігер коронавирус инфекциясы кезінде қашықтан кеңес алу туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ZOOM платформасында өткен онлайн дәріс барысында №10 қалалық емхананың жалпы практика дәрігері Данияр Қадыров коронавирус індеті кезінде қашықтан кеңес алу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың артықшылықтары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру әлі енгізілмеген кездің өзінде емханада қажетті мамандар болмаған жағдайда пациенттер өзге емханаға ақылы түрде қаралатын. Енді ондай пациенттерді МӘМС аясында басқа ұйымдарға бағыттай аламыз. Жұмыс тәжірибеме сүйеніп айтар болсам, менің салмағы 100 келіден асатын пациентім болды. Бізде МӘМС арқылы ғылыми-зерттеу институтымен келісім болды. Бірақ олардың аппараты біздің пациентке жарамды болатындай етіп жасалмаған екен. Сондықтан біз Президенттің іс басқармасы медициналық орталығымен бір реттік келісім-шарт жасастық. Пациент сол жерде компьютерлік томографиядан өтті», - дейді Данияр Қадыров.

Ол дені сау адам консультативті-диагностикалық көмекке қаншалықты жиі жүгінуі керектігі туралы тоқталып өтті.

«Көп жағдайда лор-дәрігерге әлдебір шағыммен барады. Балалар 18 жасқа дейін лор-дәрігерге, стоматологқа қаралып тұруы керек. Қант диабетімен ауыратын пациенттер үш ай сайын биохимия тапсырып, көз дәрігеріне, эндокринологқа қаралады. Ал дені сау адам скринингтен өтеді, оның ішіне ЭКГ, қанның жалпы талдау және тағы да басқа талдаулар кіреді», - дейді дәрігер.

Сондай-ақ, ол пандемия кезінде қашықтан кеңес беру қалай жүзеге асқаны туралы айтты.

«Бізде аяғы ауыр әйелдер мен баласы бір жасқа толмаған әйелдер отыратын чат бар. Біз оларды әр күн сайын бақылауда ұстадық. Топта аналар денсаулығына қатысты қандай шағымы бар екенін жазады, ал біз қандай ем-шара қолдану керек екенін жазамыз. Ал жағдайдың ушығып тұрғанын байқасақ – баланы үйіне барып қараймыз да, ем-шара жазамыз. ПТР тестті үй жағдайында тапсыртқан жағдайлар да болды», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар