USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Дәрігерлерге Pfizer вакцинасы салынуы мүмкін – Денсаулық министрлігі

2022 жылғы 14 қаңтар 23:37
Бөлісіңіз:
Дәрігерлерге Pfizer вакцинасы салынуы мүмкін – Денсаулық министрлігі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Pfizer вакцинасы елдегі қоры туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматылықтар КВИ-ді көбінесе қай жерлерде жұқтыратыны мәлім болды «Омикрон» штамы өте қауіпті, оны тек ревакцинация алғандар ғана жеңіл өткереді - маман Алматыда «омикрон» жұқтырғандар саны тәулігіне 2,5 мыңға дейін өсті - дәрігер

«Бүгінгі таңда бізде Pfizer вакцинасының 2 миллион 400 мың дозасы бар. Былтырғы келісім бойынша 4 млн доза жеткізу керек. Яғни тағы 600 мың доза жеткізіледі. Сонда республика аумағында Pfizer вакцинасының 3 млн дозасы болады деген сөз. Бүгінгі таңда Comirnaty Pfizer вакцинасы 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге, жүкті, бала емізетін әйелдерге салынып жатыр. Жүкті әйелдердің ревакцинациясына осы вакцина қолданылады. Кеше Бас санитар дәрігердің қаулысы қабылданды. Ол 60 жастан асқан адамдарды қайта вакциналау үшін Comirnaty Pfizer вакцинасын пайдалануға мүмкіндік береді. Өйткені бұл ең осал топ және қосалқы аурулар болған кезде жасына қарай ауыр сырқаттарды тудыруы мүмкін», - деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова.

Сондай-ақ, ол Pfizer препаратымен ревакцинациялау аурумен күрестің алдыңғы шебінде жүрген және күн сайын коронавируспен ауырғандармен бетпе-бет жұмыс істейтін медицина қызметкерлері салдыруы мүмкін екенін атады.

Сондай-ақ ол елдегі вакцинаның қоры енгізілетін шектеулерге әсер етпейтінін айтты.

«Pfizer вакцинасының болуы ел бойынша шектеулер енгізуге әсер етпейді. Біз барлық қолжетімді вакциналармен халықты вакциналауды және қайта вакцинациялауды жалғастыра береміз. Қандай да бір шектеулерді енгізуге, бірінші кезекте, денсаулық сақтау жүйесіндегі жүктеме әсер етеді. Ал жүктемені азайту үшін алыс-беріс, пен барыс-келісті азайту, ұжымдарды оқшаулау, яғни вирустың халық арасында таралуын азайтуға бағытталған шектеулер енгізіледі. Денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндіктері шексіз емес екенін бәріміздің түсінуіміз керек», - деп түсіндірді Айжан Есмағамбетова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT