+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Дәурен Абаев: «Әлем барысы» қазақ күресін Олимпиада ойындарына қосу жолындағы ауқымды жобалардың бірегейі

2019 жылғы 2 желтоқсан 13:44
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев: «Әлем барысы» қазақ күресін Олимпиада ойындарына қосу жолындағы ауқымды жобалардың бірегейі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Әлем барысы» қазақ күресін Олимпиада ойындарына қосу жолындағы ауқымды жобалардың бірегейі. Бұл туралы Қазақ күресінен абсолюттік «Әлем барысы» әлем чемпионатының ашылу салтанатында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда өтетін «Әлем барысы» чемпионатының жүлде қоры 20 млн теңгені құрайды Тараздағы халықаралық турнирде балуандарымыз 17 медаль олжалады Дәурен Абаев Ресей мен Қазақстан жастары көшбасшылары форумының жабылу салтанатына қатысты

«Бүгінгі жалауын көтеріп отырған «Әлем барысы» абсолюттік әлем чемпионатына қош келдіңіздер! «Әлем барысы» қазақ күресін насихаттауда өзіндік орны бар маңызды шара. Чемпионатын халықаралық деңгейде өзінің жоғары бағасын алды. Оған қоса бұл шара ұлттық өнеріміз - қазақ күресін Олимпиада ойындарына қосу жолындағы ауқымды жобалардың бірегейі. ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай ұйымдастырылған дүбірлі дода мәдени мұрамызды дамытуға, қазақ күресін одан ары жетілдіріп, халықаралық деңгейде насихаттауға, қазақ күресінен «Әлем барысын» анықтауға арналады», - деді Дәурен Абаев.

Сонымен қатар министр ұлттық күрестен осындай керемет добасын ұйымдастырып отырған Алматы қаласының әкімдігіне, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне шынайы ризашылығын білдірді.


Сонымен қатар чемпионаттың ашылу салтанатында Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров сөз сөйлеп, балуандарға сәттілік тіледі.


Айта кетейік, төртінші рет өтетін бәсекеге 30 елден 33 балуан қатысады.

«Әлем барысы» атануға АҚШ, Аустралия, Әзербайжан, Бразилия, Грекия, Грузия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Камерун, Конго, Корея, Куба, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Нидерланды, Пәкістан, Польша, Ресей, Словения,Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Эстония, Япония секілді елдердің және Қазақстанның атақты балуандары келген. Бұл сында еліміздің намысын А.Нұғымаров (ШҚО), Р.Әбдіразақов (Алматы қаласы), М.Исағабылов (Қызылорда облысы), Н.Жарылғапов (Маңғыстау облысы) сынды балуандар қорғайды.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Спорт, Қазақ күресі,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT