+7 (701) 759 90 19
USD 376.72 EUR 408.67
RUB 5.76 CNY 53.68
Jańalyqtar

Дәурен Абаев: Бейбіт жиындар туралы заң жобасы ашық талқылауда тұр

2020 жылғы 13 ақпан 22:30
Бөлісіңіз:
Дәурен Абаев: Бейбіт жиындар туралы заң жобасы ашық талқылауда тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы заң жобасы бойынша ұсыныстар мен сұрақтар жинақталып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
200-ден астам сот сарапшысы шетелде біліктілігін арттырды Дәурен Абаев Президенттің Мюнхенге сапары туралы: Еліміздің даму стратегиясын көрсететін жақсы мүмкіндік Салық базасын бүркемелеуге қарсы көпжақты конвенция ратификацияланды

«Өздеріңіз білетіндей, Президент Үкіметке нақты тапсырма беріп, бейбіт жиындар туралы жаңа заң әзірлеуді тапсырды. Сол кезде Мемлекет басшысы біз митинг өткізудің мәдениетін көтеріп, бұл адам құқығының ажырамас бөлігі ғана емес, үлкен жауапкершілік екенін де аңғаруымыз керектігін мәлімдеген болатын. Қазіргі таңда құжат талқылауға ашық. Осы аптада жұмыс тобы Ұлттық кеңестің мүшелерімен, сарапшылармен, заңгерлермен, құқық қорғаушылармен кездесті. Әділет министрлігінің алаңында мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілді. Әрине бұл талқылаудың соңы емес. Біз пікір-пайымдарды жинақтап, ұсыныстарды пысықтауымыз керек. Заң жобасы бойынша сұрақтардың жинақталуына байланысты пікірталас туындататын барлық бөлік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады», - деді Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында.

Еске сала кетсек, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин кеше Әділет министрлігінде өткен ведомствоаралық комиссия отырысында «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы заң жобасының тұжырымын таныстырған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT