Дәурен Абаев Қордайдағы оқиға жайлы: Оқиғаның себептері тереңде жатуы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазақтар мен дүнгендердің арасындағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер министрлігі оқиғаның хронологиясын жасады. Оның себебі – тұрмыстық сипатқа ие екені анықталды. Олар мәмілеге келген. Алайда мессенджерлерде зорлық-зомбылыққа шақырған, эмоцияға толы пікірмен сүйемелденген видеоның кесірінен сырттан кісілер іске араласып кеткен. Десе де бұны кездейсоқ қақтығыс деп айтуға тағы келмейді. Бәлкім, оның себептері тереңде жатуы да мүмкін. Міне, сол үшін қатаң кадрлық шешімдер қабылданды. Облыста әкім ғана емес, күш құрылымдарының басшылары да ауысты. Істің барлық мән-жайын қазір арнайы құрылған комиссия анықтап жатыр», - деді Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министр өз сөзінде адамдардың өлімін, зорлық-зомбылықты ештеңе ақтай алмайтынын жеткізді.

«Билік кінәлілерді қазақ немесе дүнген деп бөлмейді. Олардың бәрі де – Қазақстан Республикасының азаматтары. Заң алдында олар тең жауап береді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар