Дәурен Абаев Президенттің Мюнхенге сапары туралы: Еліміздің даму стратегиясын көрсететін жақсы мүмкіндік

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сапар іскерлік сипатта өте мазмұнды өтті. Президент өзге елдің басшыларымен және ірі трансұлттық компания басшылығымен оннан астам кездесу өткізді. Мюнхен сынды конференциялар ауқымды халықаралық қоғамдастыққа еліміздің даму стратегиясын, Қазақстанның сыртқы саяси бағытын көрсетуге өте ыңғайлы», - деді министр «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Оның айтуынша, мұндай конференциялар тиісті өкілдік деңгейге шығып, кең қамтылуға мүмкіндік береді.

«Бұл кездесулер – жай ғана пікір алмасу емес, елімізге құйылатын инвестиция мәселелері және екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша дайындық болып саналады. Сонымен бірге, бұл – өңірлік қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, терроризммен, есірткі тасымалымен, ұйымдасқан қылмыспен күрес мәселелері бойынша өз ұстанымымызды жариялайтын жақсы мүмкіндік», - деді Д. Абаев.

Бұған дейін хабарланғандай, 14-16 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен барды.


Соңғы жаңалықтар