Дауылды жел Маңғыстау облысы портындағы 7 баржаны теңізге ағызып әкетті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында Каспий теңізінің Түпқараған шығанағында құйынды жел порттағы 7 баржаны зәкірінен үзіп әкетті. Оқиғаға қатысты мәліметті ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нашар ауа райынан Түпқараған шығанағындағы Баутино портында зәкір шынжырынан 7 баржа үзіліп кетті. Болжамды уақыт – 26 ақпан, сағат 03.00. Дауылды жел мен мұз баржалардың жағадан алыстуына алып келді.

Қазір баржалар Баутино портының солтүстігі - Құлалы аралына қарай қалқып жылжуда. Оларды қайтару үшін буксирлер жіберілді.

Зардап шеккендер жоқ. Теңізде жүзу қауіпсіздігіне қатер төнген жоқ, сондай-ақ судың ластануы тіркелмеді», - деді министрліктен.


Соңғы жаңалықтар