+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

ДДСҰ: Әлемде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

2021 жылғы 26 ақпан 15:11
Бөлісіңіз:
ДДСҰ: Әлемде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша, әлемде (Таяу Шығыс мемлекеттерінен басқа) коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдегені байқалған.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан мен Ресейде өндірілген «Спутник V» вакцинасының айырмашылығы бар ма Сарапшы «Спутник V» вакцинасының тиімділігіне қатысты түсінік берді Ақтөбе облысында монша мен сұлулық салондары жексенбі күні жұмыс істейді

Сондай-ақ, әлемде COVID-19 жаңа жағдайларының саны 16% - 2,7 миллионға дейін төмендеген. ⠀

Ғалымдардың пікірінше, қаңтар айының басында вирус жұқтырушылар саны 5 миллионнан асқаннан кейін, бесінші апта қатарынан індет қарқынының төмендегені байқалған. Сонымен қатар коронавирустан қайтыс болғандар саны да азаюда. ⠀

Американдық The New York Times басылымы әлемде және АҚШ-та індет деңгейінің төмендеуінің басты себебі қазіргі кезде адамдардың едәуір бөлігі вирусқа қарсы иммунитетке ие болған деп есептейді.⠀

Аталған жағдайға қарамастан, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері әлем халқын қырағы болуға шақырады – ешкім COVID-19-дың тұрақты төмендеуіне кепілдік бере алмайды. Сонымен қатар, коронавируспен ауырған кейбір адамдар, індеттің жаңа нұсқаларының бірін қайта жұқтыру ықтималдылығы бар.


Авторы: Асылжан Мұхтар
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT