+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

ДДСҰ басшысы: әлемде COVID-19 вирусын жұқтыру санының күрт өршуі алаңдаушылық тудырады

2021 жылғы 16 сәуір 18:57
Бөлісіңіз:
ДДСҰ басшысы: әлемде COVID-19 вирусын жұқтыру санының күрт өршуі алаңдаушылық тудырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Аданом Гебреисус әлемде коронавирус инфекциясының таралымы пандемияның бүкіл уақытында ең жоғары көрсеткішке жақындап қалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Las Vegas Sun-ға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда коронавирус жұқтырған 3,3 мың адам ауруханада жатыр 1 661 609 қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды Коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан 803 адамның жағдайы ауыр

ДДСҰ басшысы бұл жөнінде баспасөзге арналған брифинг кезінде айтты. Ол бүкіл әлем бойынша жаңа расталған оқиғалардың күн сайынғы саны соңғы екі айда екі есе көбейгенін атап өтті.

«Әлемде COVID-19 вирусын жұқтыру, одан болған өлім-жітім санының жылдамдықпен өсуі алаңдаушылық тудырып отыр. Вирус жұқтырудың жаңа оқиғаларының саны пандемия басталғаннан бері ең жоғары көрсеткішке жақындап қалған», - деді ол.

ДДСҰ бұған дейін вирустың тез таралуынан аман қалған Папуа-Жаңа Гвинея сияқты кейбір елдерде қазіргі кезде ауру жұқтыру санының күрт өскенін мәлімдеді.

«Жылдың басына дейін Папуа-Жаңа Гвинеяда ауру жұқтырудың 900-ға жуық жағдайы мен 9 өлім тіркелген», - деп атап өтті Гебреисус.

Қазіргі кеде елде вирус жұқтырудың 9 мыңнан астам адамның індет жұқтырғаны, 83 адамның қайтыс болғаны анықталды, соның жартысы өткен айда тіркелген.

Бүгінде COVAX әлемнің 100-ден астам еліне 40 миллионға жуық вакцинасын жіберді. Бұл әлем тұрғындарының 0,25 пайызына жуығын қорғау үшін жеткілікті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT