ДДСҰ басшысы COVID-19 пандемиясын бақылауға алу мерзімін болжады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - COVID-19 коронавирус инфекциясыны алдағы уақытта бақылауға алынатынын шамалауға негіз бар. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы (ДДСҰ) Тедрос Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізде пандемияны бірнеше айдың ішінде бақылауға алу үшін арнайы құралдар бар. Ол үшін біз бұларды рет ретімен қолдана білуіміз қажет», - деген Гебрейесустің сөздерін келтірді ДДСҰ сайты .

Сонымен бірге, маманның айтуынша, бүкіл әлемде COVID-19 вирусының 25-59 жас аралығындағы адамдар арасында таралуының «қауіпті қарқыны» алаңдаушылық тудырып отыр.

19 сәуірде Гебрейесус әлемде коронавирус инфекциясына шалдығу қарқыны сегізінші апта қатарынан өсіп жатқанын мәлім етті. Оның айтуынша, осы уақыт аралығында ұйымға SARS-CoV-2 вирусын жұқтырудың 5,2 млн оқиғасы туралы хабарлама келген. COVID-19 вирусына шалдыққан пациенттер арасындағы өлім-жітім бесінші апта қатарынан өсіп келеді.


Соңғы жаңалықтар