Delta Bank-тің бұрынғы топ-менеджері ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Delta Bank-тің бұрынғы топ-менеджері ұсталды. Бұл ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атап айтқанда, директорлар кеңесінің төрағасы Галина Шалғымбаева, басқарма төрағасы Нұрлан Самзаев мен басқарма мүшесі Кенжегүл Қанатбаева ұсталды.
«Иә, расында да аталған азаматтардың ұсталғанын растаймыз. Тергеу мүддесіне сәйкес бұл іске қатысты басқа ақпарат жарияланбайды», - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан депозиттерді кепілдендіру қоры «Delta Bank» АҚ салымшыларына төлем төлеу уақытын 2021 жылдың 23 мамырына дейін созған болатын. «ЦентрКредитБанкі» АҚ тиісті келісімшартқа қол қойды. Көрсетілген мерзім ішінде «Delta Bank» АҚ салымшылары агент банкке жүгініп, кепілдік берілген өтемді төлеу жөніндегі өтінішті тікелей немесе сенім білдірілген тұлға арқылы ұсына алады.
- Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ірі көлемдегі парамен ұсталды
- Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өткізілді
- Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңес өткізді
- Атырауда облыстық басқарма басшысы 2 млн 917 мың теңге айыппұл төлейді
-
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қоғамды жемқорлықпен күресуге кеңінен тарту қажет
-
Мемлекет басшысы «follow the money» қағидаты туралы айтты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам