Демалыс күндері елордада қандай мәдени шаралар өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаладағы мәдени мекемелер алдағы демалыс күндеріне арнап музыкалық қойылым, көрме мен экскурсия әзірледі. Барлық іс-шара санитарлық талаптарға сай өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Astana Opera 21 қараша күні сағат 18:00 – де Джузеппе Акуавиваның жетекшілігімен солистер, хор мен симфониялық оркестрдің орындауында Мessa di Gloria әлемдік музыка классикасының жауһары Джакомо Пуччиниді ұсынады.

Тәуелсіздік сарайында дүйсенбіден сенбіге дейін (31 желтоқсанға дейін) ақын Абай 175 жылдығына арналған және «Ақанаевтар әулеті» атты көрме ұсынылады.

30 қарашаға дейін сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін «Өнер қарлығаштары» және «Әлем бала көзімен» атты балалар көрмесі ашылды. Сондай-ақ, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, суретші Анар Әубәкірдің «Тылсым»атты көрмесі өтеді.

21 қарашада сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Тәуелсіздік сарайының қорындағы «Нұр-Сұлтан қаласына сыйлықтар» көрмесіне баруға болады, елордаға келген ресми делегациялардың сыйлықтары көрсетіледі.

Қалалық қуыршақ театрында 21 қараша күні сағат 12:00-де және 14:00-де жас көрермендерге арналған «Аладдиннің сиқырлы шамы» ертегісі, 22:00-де «Кешкі ертегі» таетрдың Facebook, Instagram парақшасында көрсетіледі,

«Атамекен» этно-мемориалдық кешені 21 қараша күні сағат 12:00-де «Абылай ханның резиденциясы»онлайн экскурсиясын өткізеді. Іс-шара Instagram парақшасында және Facebook-те көрсетіледі.

22 қараша күні сағат 15:00-де «Наз» би театрының дәстүрлі әншісі Зағипа Иманғазының жыр-дастандардың шығу тарихынан дәрісі оқиды. Іс-шара онлайн форматта театрдың Facebook , Instagram, YouTube парақшасында көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар