+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Демалыс күндері Қостанай облысында саябақтар мен жағажайлар жабылады

2020 жылғы 1 тамыз 21:29
Бөлісіңіз:
Демалыс күндері Қостанай облысында саябақтар мен жағажайлар жабылады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 8-10 тамыз және 15-17 тамыз аралығында демалыс орындары жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Маска тақпағандарға 80 мың теңгеге жуық айыппұл салынады Бүгіннен бастап Қазақстанда қатаң карантин тағы 2 аптаға созылды Атырауда саябақтар мен жағалауға баруға тыйым салынды

Бүгін Қостанай облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары өңірде қатаң шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға қол қойды.

Қаулыға сәйкес, саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға, қоғамдық және ұйымдастырылмаған жағажайларға, өзге де демалыс орындарына баруға тыйым салынады. Тиісінше 8-10 және 15-17 тамыз күндері локдаун тәртібі енгізіледі. Осы күндері қостанайлықтар саябақтар мен жағажайларға бара алмайды.

Айта кетейік, 3 тамыз және 17 тамыз аралығында облыс территориясында қатаң шектеу шаралары қабылданады. Шектеу шаралары туралы Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Ю. Севостьянов хабарлады.

Жұмыс кестесі сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып бектіледі.

Құрылыс материалдарын, санитарлық-техникалық және санитарлық-гигиеналық тауарларды, ауыл шаруашылығы мен саяжайға арналған тауарларды, авто және ауыл шаруашылығы техникасына арналған қосалқы бөлшектерді, салттық керек-жарақ пен тауарларды өткізумен айналысатын дүкендерді қоспағанда, азық-түлік сатпайтын дүкендердің жұмыс істеуіне тыйым салынады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT