Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген фильм прокатқа шығады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Режиссер Тимур Бекмамбетовтің қаза болған мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің сценарийі бойынша түсірген фильмі прокатқа дайын. Бұл туралы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқармасының төрайымы Гүлнәр Сәрсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соқыр махаббат» фильмі экранға шығуға дайын. Бұл туындыны Денистің анасы мен Тимур Бекмамбетов бастаған біздің қазақстандық компания түсірді. Біз де көмектестік. Қазіргі уақытта оны прокатқа шығару жолдарын қарстырып жатырмыз. Өйткені, Тимур Бекмамбетов ойлап тапқан форма өте ерекше. Басында 25 минут Денис Теннің сценарийі бойынша Тимур Бекмамбетов түсірген қысқаметражды фильм көрсетіледі, кейін Денисті еске алуға арналған туынды жалғастырады», - деді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшысы Гүлнәр Сәрсенова.

Сонымен қатар, картинаны басқа елдерде көрсету жоспарда.

«Қазір бұл фильмді бүкіл Қазақстанға көрсетуді жоспарлап отырмыз. Кейін Денис Тенді танитын елдерге де шығарамыз», - деді ол.

Бұған дейін, кинорежиссер Тимур Бекмамбетов Денис Теннің сценарийі бойынша «Соқыр махаббат» фильмі АҚШ-та ағылшын тілінде түсірілетінін хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар