Денсаулық сақтау министрі градусниктердің тапшылығына қатысты айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі дәріханаларда градусниктердің жетіспеушілігін жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы градусниктер біздің нарықта жетеді. Бөлшектік желіде де баршылық. Ауқымды дефицит пен дүрбелең сынапты градусниктерге қатысты туындап отыр. Қазір нарықта баламалы нұсқалар жетерлік», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министр бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатқанын айтып өтті.

«Қандай да бір талаптарды қойып отырған ұйымдармен жұмыс жүргізіп, олардың мәселесімен айналысып жатырмыз», - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетсек Алексей Цой бұған дейін Қазақстанға парацетамолдың 700 мың қаптамасы жеткізілгенін, тағы 800 мыңы күтіліп отырғанын хабарлаған еді.

5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге қатаң шектеу шаралары енгізіледі.




Соңғы жаңалықтар